718

Риддер қаласы биыл қыста тағы қатып қалмай ма?

Энергетика министрінің тапсырмасы бойынша энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов «Риддер ЖЭО» АҚ келді. Сапар барысында ол ЖЭО-н алдағы жылыту кезеңіне дайындау бойынша жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Риддер қаласы биыл қыста тағы қатып қалмай ма?
gov.kz

Риддер ЖЭО басшылығымен өткен кеңесте қазандық жабдықтарындағы жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауға, тиек арматурасын жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. Сорғы станцияларын, отын беру жабдықтарын, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша артта қалушылықты толтыру бойынша шешімдер әзірленді.

Риддер қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтауды іске қосудың аса маңыздылығын ескере отырып, жөндеу жұмыстарының аяқталу барысы Энергетика министрлігінің қосымша бақылауына алынды.