663

Тұңғыш президенттің әпкесі Әнипа Назарбаеваға тиесілі колледж үкіметтің меншігіне өтті

Әнипа Назарбаева колледжінен айырылып қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тұңғыш президенттің әпкесі Әнипа Назарбаеваға тиесілі колледж үкіметтің меншігіне өтті
ашық дереккөзден

Алматы соты Әнипа Назарбаеваға тиесілі «Үшқоңыр» су шаруашылығы колледжін “үкіметке қайтарып беруге” шешім шығарып, жауапкерді 3450 тг көлемінде баж салығын төлеуге міндеттеді.

Іс бойынша талап қоюшы – Алматы облысының қаржы басқармасы. Іс бойынша сот отырысы мамыр айының соңында өтті. 

«Пятый регион» басылымының дерегінше, колледж сатып алу құқығымен Әнипа Назарбаеваның серіктестігіне сенімгерлік басқаруға берілген.