Қытай мен Үндістаннан Қазақстанда келетін туристер қатары күрт көбейген

06.09.2023, 19:41
677
Қытай мен Үндістаннан Қазақстанда келетін туристер қатары күрт көбейген ашық дереккөзден

Қазақстанда келуші туристер қатары күрт өсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты LS.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында 515,8 мың қонақүй, коттедж, шале және хостелдерде шет елдерден келген қонақтарға қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге көп.

Қазақстанға жеке мақсатпен 249,2 мың адам келсе, кәсіпкерлік мақсатта келушілер – 266,6 мың адам. Бұл мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы жариялаған.

Осы кезеңде орналасқан туристердің басым бөлігі – ресейліктер, 233,5 мың адам (+1,8 есе). Ал Үндістаннан келетін туристер саны алты есеге өсті.

Қонақ үйлер осы бірінші жарты жылдықта осы елден келген 21,6 мың адамға қызмет көрсеткен. Ал салыстырмалы түрде қарасақ, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында олардың саны 3,6 мың адам болған.

Қытайдан келушілер саны 43,4%-ға – 38,9 мың адамға өссе, Америкалық туристер саны – 1,7 есеге (6,4 мың адам) артқан.

Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Өзбекстаннан келгендер – 1,7 есеге (16,4 мың адам), Ұлыбритания туристері – 1,5 есеге (10,5 мың адам) және Оңтүстік Кореядан келгендер – 3 есеге (9,8 мың адам) артық.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді