Тамыз айының соңында көші-қон қызметінің қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғынның бес ай бойы Ресей мен Қазақстанның азаматы болып жүргенін анықтаған.
Полицейлер наурыз айында Ханты-Мансийск автономиялық округіндегі әйел адамның Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда Қазақстан заңнамасын бұза отырып, Қазақстанның ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелеріне уақытылы хабарламағанын және Қазақстан азаматтығын айырылуы бойынша тиісті рәсімнен өтпегенін анықтады.
Ресейлік заң бұзушыдан Қазақстан Республикасы азаматтығының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді, сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша елден шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жыл басынан 400-ден астам адам ҚР азаматтығынан айырылған. Негізгі бөлігін басқа мемлекеттердің азаматтығын қабылдаған адамдар құрайды. Сонымен қатар қос азаматтық үшін 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін – 19, Қазақстан Республикасының төлқұжатын және жеке куәлігін пайдаланғаны үшін – 16.