Жапония Айға қонатын алғашқы модулін ұшырды

07.09.2023, 10:08
662
Жапония Айға қонатын алғашқы модулін ұшырды Kyodo

Жапония Айға қонатын өзінің алғашқы модулін – SLIM-ді ғарышқа ұшырды. Оны Жапония Аэроғарыш зерттеулер агенттігі (JAXA) құрастырған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Deusche Welle басылымына сілтеме жасап.

Зымыран-тасығыш бүгін, таңертең Кагосима префектурасының оңтүстігіндегі Танэгасима ғарыш айлағынан ұшырылды. Ұшырылым сәтін JAXA тікелей эфирден көрсетті.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын.

Аппараттың биіктігі – 2,4 метр, салмағы – 200 келі. Оның мақсаты бет-әлпетті тану жүйелерінде қолданылатын технологиялар негізінде Ай кратерлерін және рельефін зерттеу. Сондай-ақ SLIM арнайы камерамен жабдықталған, оның көмегімен Ай бетіндегі темір мен өзге де элементтердің мөлшерін өлшей алады.

Аппаратты жасау кезінде қолданылған технологиялар белгіленген жерге қонып, 100 метрден артық қателік жасамауға мүмкіндік береді. Айға қонатын бұрынғы аппараттарда бұл көрсеткіш бірнеше шақырымға дейін жететін, деп атап өтті AFP агенттігі.

Айта кетейік, екі апта бұрын Ай бетіне «Чандраян-3» миссиясы аясында үндістандық аппарат сәтті қонған болатын. Үндістан Жер серігі бетіне ғарыш аппаратын қондырған төртінші ел атанды. Бұған дейін бұл миссия Кеңес Одағы, АҚШ пен Қытайдың қолынан келген еді. Ал ресейлік «Луна-25» станциясы тамыздың соңында Айға қону кезінде қирап қалды.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды