IKOMEK109 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті

07.09.2023, 12:53
484
IKOMEK109 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті zoon.kz

IKOMEK109-ға қосылған бейнекамералар 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «iKOMEK109» «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» мекемесінің басшысы Асқар Тақсымов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оның атап өтуінше, жыл басынан бері IKOMEK109-ға 1,5 млн-нан астам өтінім келіп, түсіп, оның 99 пайызы шешілген. Барлық өтінімнің 81 пайызына қоңырау түскен сәттен-ақ кеңес берілген. Ал қалған өтінімдердің 19 пайызы оқиға ретінде тіркеледі.

«IKOMEK109-ға келіп түскен сұрақтардың бәрін қызметкерлеріміз бен әкімдіктің басқармаларын барынша жедел шешеді. Сонымен қатар бізде Мониторинг және жедел әрекет ету департаменті бар. IKOMEK109-ға шамамен 10 мың бейнекамера қосылған. Жыл басынан 12 мыңнан аста әкімшілік құқық бұзушылықты тіркедік. 37 млн теңгеден астам айыппұл салынды», - деді ол Астана қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың қызметінде бюрократияны жою және жобалық басқару құралдарын пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «iKOMEK» орталығы аясында Астана қаласы әкімдігінің Жоба кеңсесі жұмыс жасайды. Бұл ретте кеңсе қаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде жобалық қызметтің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылын және үйлестіруін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда жобалық кеңсенің негізгі міндеттерінің бірі – жобаларды басқару процесін оңтайландыру және іске асырылып жатқан жобаларды цифрландыру. Осы міндет аясында «Астана қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесі» платформасында ағымдағы уақытта әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері іске асыратын 189 бюджеттік инвестициялық жоба цифрландырылды. Бұл жұмыс іске асыру кезеңдерін, негізгі жұмыстарды, орындалу мерзімдерін және жобалардың бюджетін бақылауға мүмкіндік береді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді