Түркістанға келген әлемге әйгілі аспаз Бурак Өздемир жеке мейрамхана ашатынын айтты

07.09.2023, 16:41
959
Түркістанға келген әлемге әйгілі аспаз Бурак Өздемир жеке мейрамхана ашатынын айтты cznburak

Түркиялық әлемге әйгілі аспаз Бурак Өздемир Түркістанға турист ретінде келді. Ол Керуен сарай мен қаланың басты көрікті жері – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат кетті. Серуен барысында түрік аспазшысы Түркістан облысының әкімімен кездесіп, қалада жеке мейрамхана ашуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сондай-ақ Бурак Оздемир ұлттық тағамдарға ризашылығын білдірді. Облыс әкімі шетелдік қонаққа қазақ шапаны мен "тайқазан" кәдесыйын тарту етті.

"Ол Түркістанға келді, бұл туралы әлеуметтік желілерден білдік. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кешкісін Түркістанды аралады. Жүріп келе жатып, кездейсоқ Бурак Өздемирді кездестірді. Бас аспаз әкіммен сөйлесіп, жоспарларымен бөлісті. Әкім оны қонаққа шақырып, бастамаларына қолдау көрсететінін айтты", - деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бурак Оздемир 2016 жылы Instagram желісінде белсенді болып, таныла бастады. Оның Түркиядағы мейрамханасында жұлдызды қонақтар да болды. Олар америкалық хип-хоп әншісі Игги Азалия, ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов, бразилиялық футболшы Роналдиньо және тағы басқа.

Қазір аспасшының Instagram-да 53 миллионнан астам жазылушысы бар.

Бурак Өздемир Түркістаннан кейін Ташкентке барды. Өзбекстанда түрік аспазшысы палау таратып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды