Мексикада түсік жасату енді қылмыс болып саналмайды

08.09.2023, 09:48
602
Мексикада түсік жасату енді қылмыс болып саналмайды gcn.ie

Мексиканың Жоғарғы cоты түсік жасатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастады. Жүктілікті тоқтатқан әйелді қылмыстық жазаға тарту конституцияға қайшы деп танылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Соттың жаңа үкімі бойынша барлық 32 штатта түсік жасатуға рұқсат етіледі.

«Зорланған жағдайда, бірде-бір қызды ана болуға мәжбүрлеуге болмайды — мемлекет те, оның ата-анасы да, қамқоршылары да», - деді Жоғарғы соттың басшысы Артуро Сальдивар.

Бұл шешім Мексикадағы консервативті саясаткерлер мен католиктердің ашуын тудыруы мүмкін. Католиктердің саны бойынша Мексика Латын Америкасындағы екінші мемлекет.

Алайда соңғы жылдары шіркеудің ықпалы төмендеп, ел өзін зайырлы мемлекет ретінде танытуда.

Бүгінгі таңда Латын Америкасында түсік жасату Колумбия, Куба, Уругвай және Аргентинада заңды саналады.

Кейбір елдерде түсік жасатуға зорлау немесе денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайларда рұқсат етіледі, ал Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Гаити және Доминикан Республикасында абортқа толық тыйым салынған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды