"Домбыра- харам": Айтыскер Айшолпан Тілеутай ұлттық аспапты арамға теңеген бойжеткенді сынап тастады

08.09.2023, 10:29
2457
"Домбыра- харам": Айтыскер Айшолпан Тілеутай ұлттық аспапты арамға теңеген бойжеткенді сынап тастады tleutai.aisholpan

Әлеуметтік желіде белгісіз қыздың домбыра тартудың күнә екенін айтқан бейнежазбасы тарады. Аталмыш видеоға қатысты белігілі айтыскер Айшолпан Тілеутай пікір білдірді.

“Ақыркетте ұлтымызбен, ұлтшылдығымызбен өтпейміз, иманымызбен, некемізбен өтеміз. Мен домбыраға 5 жыл қатыстым. Домбыра тартқаным YouTube желісінде бар. Мектеп кезінде дін туралы білген жоқпын. Күні кешеге дейін домбыра тарттым. Бірақ домбыра – харам. Жүрекке тиді, кір екенін білінеді”, – дейді видеодағы қыз.

Айтыскер ақын ұлттық аспапқа қатысты айтылған сөздерге бей-жай қарай алмады. 

“Бабаларымыздың қанша ғасыр бойы жинаған құндылықтарын бір сәтте жоққа  бұл шығаратын қандай дін?Түсінбедім. Ақыретке иманымызбен өтеміз. Ұлтымызбен өтпейміз дейді. Мына қыздың басы әбден айналып, қиял әлеміне ұшып кетіпті. Алла не үшін бізді әр түрлі ұлт етіп жаратты? Қазақтан бала туылғанда түрі де, сарқырап аққан қаны да, ата- бабасынан берілген гені де, қазақ деп тұрмайды ма? Бұл ақиқаттан сен бас тарта алмайсың.
Ал, дінге келсек Құранның қай жерінде домбыра харам деп жазыпты? Қандай дәлелмен сөйлеп отыр бұл қыз? Ғалымдардың айтуынша құранда 6236 аят болса, соның 550 аятының сырын ғалымдар ашыпты. Оның бір ғана негізі бар. Сен Құдай алдына барғанда жүректің тазалығын ғана сұрайды. Домбыра есірген адамды жөнге салса, жүрекке тыныштық пен мейірім сыйласа, жүрек тазалығы мен еміне құрал болса, бұның несі харам?”, – деп жазды Айшолпан Тілеутай.

Оның айтуынша, видеодағы қыз еш негізсіз үкім айтып отыр.

“Өздеріңіз білесіздер діни сауатты уағызшылардың арнайы рұқсат қағазы болу маңызды. Бұл қағаз үшін адамдар қанша жыл үздіксіз білім алады ненің ақ, ненің қара екенін таныған сауатты, білімді, адамдар ғана алады. Домбыра ол жәй ғана музыкалық аспап емес,ол біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Домбыра қазақтың жүрегі!
Діні бар да, ұлты жоқ,
Сақалы бар да, мұрты жоқ.
Теке сақал, қырма мұрт,
Елдің түбіне сол жетер...”, – деп ойын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сөзімен аяқтады ақын.

Айшолпан Тілеутай желіде отырып үкім шығаратын адамдардың жауапқа тартылуын сұрады.

“Мына қыз секілді әркім келіп, не білімі, не өмірде көргені жоқ өзге ағымдағы азғыгдаушы адамдардың сөзін жаттап алып, халыққа өтірікті шындай айтатын адамдарға мемлекеттің құзырлы органдары неге жаза қолданбай отыр. Кейінгі кезде жанымыздың бір бөлшегі, домбырамызға  жан-жақтан шабуылдар көбейді. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы. Қазақтың рухын алу үшін бірінші домбырасын алу керек. Ал біз рухымызды, ұлтымызды, домбырамызды ешкімге бермейміз, таптатпаймыз”, – дейді айтыскер.

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды