"Алты рет тегін тамақтанған": Шымкентте тамақтану орнында жалған төлем түбіртегін көрсеткен ер адам сотталды (видео)

08.09.2023, 13:40
1026
"Алты рет тегін тамақтанған": Шымкентте тамақтану орнында жалған төлем түбіртегін көрсеткен ер адам сотталды (видео) Видеодан алынған кадр

Шымкентте қоғамдық тамақтану орнында жалған төлем түбіртегін көрсетіп, тегін тамақтанып жүрген ер адам сотталды.

Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны ақшасын үнемдеу мақсатында тамақтану орнында кассирлерге жалған төлем түбіртегін көрсетіп, алты рет тегін тамақтанған. Тұрақты келушінің алдағанын сезген дәмхана қызметкерлері оқиға туралы полицияға хабарлаған.

"Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Тұран аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мекемедегі камералардағы бейнежазбаларды зерделеп, күдіктіге бағыт-бағдар құрастырды. Оны құруға криминалдық полицияның жедел уәкілдері мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары тартылды. Тәртіп сақшылары ықтимал куәгерлерден жауап алып, ер адамның қозғалыс жолдарын анықтады. Үш күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тегін тамақтануды әдетке айналдырған ер адам ұсталды.

Анықталғандай, ұсталған азамат қарақшылық шабуыл жасағаны үшін көктемде сот тағайындаған бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын әлі де өтеп жатыр. Сотталушының өтелмеген мерзімін үкімдердің жиынтығы бойынша қосу арқылы сотталушы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылады", –  делінген хабарламада.  

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)