577

Алматыда сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат қойылғаны үшін келушілер эвакуацияланды

Алматыда Әуезов ауданында орналасқан сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматыда сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат қойылғаны үшін келушілер эвакуацияланды
kris_p_almaty_official

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 09:47-де Әуезов ауданында орналасқан сауда орталықтарының біріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама түсті.

«Аталған нысанға қаланың шұғыл және жедел қызметтері тартылды. Алғашқы әрекет ету шарасы аясында сауда үйінің қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды. Шараға сондай-ақ сапер бөлімшелері тартылды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Комиссиялық тексеріс сағат 11:30-да аяқталды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Анонимді түрде хабар таратқан тұлға анықталып жатыр. Ол ары қарай жауапқа тартылатын болады.