Солтүстік Корея ядролық қарумен жабдықталған сүңгуір қайықты қолданысқа берді

08.09.2023, 15:36
445
Солтүстік Корея ядролық қарумен жабдықталған сүңгуір қайықты қолданысқа берді «Голос Кореи»

Солтүстік Корея тактикалық ядролық қарумен жабдықталған атомдық сүңгуір қайығын суға жіберді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

KCNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің дерегінше, жаңа сүңгуір қайық сәрсенбі күні Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын қатысқан іс-шарада таныстырылды. Оның айтуынша, «бұл – келешекте ядролық қаруды қарқынды дамытудың бір бөлігі».

№ 841 сүңгуір қайыққа аталған елдің қаһарманы Ким Кун Октың есімі берілген.

Ким Чен Ын КХДР суасты қайықтарының барлығын ядролық қарумен жабдықталған әскери кемеге айналдыратынын атап өтті.

Nuclear Threat Initiative Америка аналитикалық орталығының дерегі бойынша, Солтүстік Кореяда 64-тен 86-ға дейін суасты қайығы бар. Ол – әлемдегі ең ірі суасты флоттарының бірі. Дегенмен сарапшылар сүңгуір қайықтардың жылын ескере отырып, олардың бәрі жұмыс істейтініне күмәнмен қарайды.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған