Кейінгі 10 жылда елімізде тіркелген некелер саны 36 мыңға азайған - статистика

08.09.2023, 17:57
712
Кейінгі 10 жылда елімізде тіркелген некелер саны 36 мыңға азайған - статистика canva.com

Елімізде тіркелетін некелер саны азайып кеткен. Бұл туралы Ұлттық стаститика бюросының 10 қыркүйек - Отбасы күніне орай жариялаған мәліметтерінде айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ұлттық бюро мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген некелер саны 164 мыңнан 128 мыңға дейін азайды, яғни, некелесу коэффициенті де төмендеді. Егер 2012 жылы 1000 адамға 9,81 жұптан келсе, 2022 жылы — 6,54 жұп болды.

Өңірлер бөлінісінде қарасақ, тұрғындар арасындағы некелесудің ең жоғары коэффициенті Астанада тіркелді, 1000 адамға 8 жұп. Ең төменгі коэффициент Ақмола мен Абай облыстарында - 6,1.

Айта кету керек, соңғы 20 жылда некеге тұрушылардың ең жоғары көрсеткіші 2012-2013 жылдары байқалды. Мәселен, 2002 жылы некелесу коэффициенті 6,6 болған.

Неке санының төмендеу факторларының бірі — некеге тұрған халықтың жас құрылымының ерекшелігімен байланысты. Егер 2010 жылдары туу көрсеткіші жоғары болған 1985-1990 жылғы ұрпақ некеге тұрса, 2020 жылдан кейін туу көрсеткіші төмен болған 1995-2000 жылдары дүниеге келген ұрпақ отбасын құра бастаған.

Ерлер үшін некеге тұрудың орташа жасы (алғашқы неке) 28, әйелдер үшін — 25,2 жас.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды