Ақтауда 17 жастағы жеткіншек көпқабатты екі үйдің ортасына құлап түскен

09.09.2023, 12:38
693
Ақтауда 17 жастағы жеткіншек көпқабатты екі үйдің ортасына құлап түскен mangystaumedia.kz

Ақтауда 8 қыркүйекте сағат 22.45-те 16 шағын ауданның 59-үйінің шатырынан 17 жастағы бала құлап, көпқабатты екі үйдің ортасындағы қуысқа түсіп кетті. Бұл оқиғаға қатысты полиция іс қозғаған. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

ТЖД қызметкерлері 2006 жылы туған жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Жеткіншек қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.

Куәгерлердің сөзінше жасөспірім достарымен бірге құрылысы аяқталмаған үйдің шатырында ойнап жүрген. Сол уақытта екі көпқабатты үйдің ортасына бекітілген пенопласт плита сынып, бала қуысқа түсіп кеткен.

ТЖД мәліметінше жедел жәрдем диспетчеріне «2 үйдің ортасында бала құлап, қысылып қалды» деген ақпарат түскен.

- «Адал» ТҮК құрылысын салушы – «Интерьер Строй Актау» ЖШС. Тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылы басталған. ТҮК 7 қабат, 4 кіреберіс, 98 пәтерден тұрады. Тұрғын үй әлі пайдалануға берілмеген. Полиция бұл оқиғаға қатысты іс қозғады, - деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды