Павлодар облысында «қызыл» паспортпен жүргендердің құжаттары реттеледі

09.09.2023, 14:46
513
Павлодар облысында «қызыл» паспортпен жүргендердің құжаттары реттеледі ашық дереккөзден

Шара ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша ұйымдастырылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде бұрынғы КСРО төлқұжаттарын уақтылы айырбастамаған, сондай-ақ туу туралы куәлік бойынша тұратын 18 жастан асқан адамдарға құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу жөніндегі акция  өтуде. Шараға үкіметтік емес ұйымдар белсенді қатысты. 

– Акцияның негізгі мақсаты – құжаттарды қалпына келтіруде қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету болып табылады. Акцияның бірінші күні басқа мемлекеттерден мәлімет алу үшін 19 адам жүгінді, – деді облыстық полиция департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов. 

«Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық Халықаралық бюро», Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық және Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және балалары бар әйелдерді бейімдеу орталығының өкілдері өтініш білдірген азаматтарды құжаттандыру мәселелерін шешуге көмек көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті. 

Айта кетерлігі, жыл басынан бері 71 азаматқа Қазақстан азаматтығы белгіленді, ал бір адам азаматтығы жоқ адам болып танылды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген