Ақтөбеде скутер жаяу жүргіншіні қағып кетті
Ақтөбеде жазатайым оқиға болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Жиенбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, 30 жастағы скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.