Мароккода қуатты жер сілкінісі болып, 632 адам қаза болған
Мароккодағы жер сілкінісінен жапа шеккендер көп. Бұл туралы smartnews.kz сайты Azattyq радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Associated Press агентігінің дерегінше, Мароккода қуатты жер сілкінісінің салдарынан 632 адам қаза болып, 329 адам жарақаттанды.
АҚШ геология қызметінің мәліметінше, алғашқы жер сілкінісінің магнитудасы – 6,8, одан кейін магнитудасы 4,9 болған афтершок болған.