Талдықорғанда науқасқа бірден 3 күрделі ота жасалған

09.09.2023, 20:23
595
Талдықорғанда науқасқа бірден 3 күрделі ота жасалған gov.kz

Талдықорғандағы облыстық кардиологиялық орталықта Астана, Алматы және Талдықорған қалаларындағы бірнеше медициналық мекеме дәрігерлерінің қатысуымен науқасқа бір мезгілде 3 күрделі ота жасалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қазақстанда алғаш рет үш сала мамандары бірлесіп жасайтын  ота науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Биылғы жылдың  маусым айында миокард инфарктісін алған 74 жастағы науқас жүректің ищемиялық ауруымен ауырады.

- Отаға дайындау барысында науқастың сол жақ бүйрегіндегі ісік, оң жақ ұйқы артериясының зақымдануы және жүректің коронарлық тамырларының зақымдануы сияқты басқа да аурулары анықталған болатын, - деді кардиологиялық орталықтың директоры Нұрсан Сурашев.

Ота үш кезең бойынша жасалды. Бірінші кезеңде науқастың ұйқы артериясы стенттелді. Бұл отаны жасау үшін елімізге танымал нейро-интервенциялық хирург, ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы директорының орынбасары Мыңжылқы Сайлауұлы Бердиходжаев және Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургі Мұсабеков Мақсат Ғабитұлы арнайы келді.

Науқас бірден коронарографиялық ота жасау бөлімінен кардиохирургиялық ота жасау бөліміне жеткізілді. Бұл жерде облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары ашық жүрекке аорта-коронарлық шунттеу отасын жасады. Ал үшінші кезеңде науқастың онкологиялық көрсеткіштеріне байланысты сол жақ бүйрегін алып тастау отасы Облыстық көпсалалы клиниканың (облыстық онкодиспансердің) мамандарымен жасалды.

Науқастың бүгінгі күнгі жағдайы тұрақты, кардиохирургиялық реанимация бөлімінде ем қабылдауда.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды