608

Алматыда 2 мыңнан астам оқушы тоғызқұмалақ ойнап, рекорд орнатты

Тоғызқұмалақ күніне орай Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта 2028 мектеп оқушысы бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматыда 2 мыңнан астам оқушы тоғызқұмалақ ойнап, рекорд орнатты
Тоғызқұмалақ спорты федерациясынан

Тоғызқұмалақ спорты федерациясынан мәлім еткендей, аталған рекордты Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының редакторы Қарлығаш Жаппар бекітіп, арнайы сертификатты Алматы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсұнға тапсырды.

Айта кетсек, Тоғызқұмалақ күні тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Латвия, Румыния, Бангладеш, Түркия және Колумбия елдерінде аталып өтеді.

Еске салайық, 21-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында рапид және блиц бойынша оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады деп күтілуде.