1060

Оралдағы самбодан әлем чемпионатында отандастарымыз 59 жүлде иеленді

Оралда самбодан шеберлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінің қортындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 14 алтын, 14 күміс және 31 қола жүлде бар. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Оралдағы самбодан әлем чемпионатында отандастарымыз 59 жүлде иеленді
gov.kz

Дүниежүзілік доданың екінші күні, кезінде ұлттық құрама сапында дзюдо мен самбода ел намысын абыроймен қорғаған Руслан Сейілханов 50-54 жас аралғында 98 келі салмақта шеберлер арасында әлем чемпионы атанды. Ол финалда Халықаралық самбо федерациясының туы астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік балуанды ұтты.

Руслан Сейілханов Атланта, Сидней Олимпиадасының қатысушысы. Дзюдодан Азия чемпионатының, Азия ойындарының жүлдегері. Самбодан Азия чемпионы.

Сонымен қатар Оралдағы әлем чемпионатында жерлестерімізден Самат Айтбаев пен Дәурен Мұқышевтар әлем чемпиондары атанды.