Газдан уланғандар саны азая ма?

10.09.2023, 14:45
605
Газдан уланғандар саны азая ма? otyrar.kz

Өткен жылыту маусымында газдан уланғандар санына байланысты, алдағы жылыту маусымының қарсаңында түсіндіру жұмыстары басталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері жылыту маусымына дайындық жұмысын бастады. Өйткені өткен кезеңде улы газдан 48 адам уланып, 2 азамат көз жұмған. Сондықтан мамандар түсіндіру жұмысын ерте бастағанын айтады.

«Алдағы уақытта жылыту маусымы келе жатыр. Жылыту кезінде бізде көбіне улы газдан, табиғи газдан улану өте көп тіркеледі. Көрсеткішті азайту мақсатында және газбан уданудың алдын алу мақсатында қазір ауқымды үгіт насихат жүргізіліп жатырмыз. Қазір үйлерге кіріп, газ баллондарымен қалай жұмыс жасайтынын көрсетіп, түсіндіріп жатырмыз» - дейді Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар басқармасының инженері Асқар Шәріп.

Мамандар уланудың басты себебі су жылытуға арналған құрылғының дұрыс орнатылмауынан дейді. Көбіне газ колонкасына жалғанған құбырлар талапқа сай келмейді екен. Оған қоса көпқабатты үйлерде газ баллондарын қолданып жатқандар да кездеседі.

«ҚР газ және газ жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес 2 қабаттан асатын үйлерде газ баллондарын қолдануға болмайды. Біздің арнайы әзірлеген жадынамаларымыз бар. Оның бәрін халыққа таратып, түсіндіреміз. Қазір қыс мезгілі келе жатыр. Жылыту маусымында адам өмірі үшін оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында жұмыс жасап жатырмыз» - Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бас маманы Элмира Хуршидова.

Қазірге дейін Еңбекші ауданында 19 мыңнан аса жадынама таратылып үлгерді. Басымдық көпқабатты үй иелеріне берілген. Себебі апатты жағдайға көппәтерлі тұрғын үй азаматтары душар болып жатады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды