Бірнеше рет мешіттегі садақа жәшігін тонап келген азамат 3 жылға сотталды

10.09.2023, 16:33
715
Бірнеше рет мешіттегі садақа жәшігін тонап келген азамат 3 жылға сотталды ntime.kz

Ұрлық фактісі бойынша үкім өзгеріссіз қалдырылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің дерегінше, 2023 жылғы 06 қыркүйекте Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Ы.-ның Тереңкөл аудандық сотының үкіміне ұрлық фактісі, яғни үй-жайға бірнеше рет кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру (ҚР ҚК 188-б. 3-б. 2,3-т.), сонымен қатар ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау (ҚР ҚК 187-б. 1-б.) фактісі бойынша апелляциялық шағымын қарады.

Сотталушы Ы. 2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында мешіттерден садақа болып табылатын ақшалай қаражатты бірнеше рет ұрлаған және ұсақ-түйек жымқыру әрекеттерін жасаған.

Ы.-ға қылмыстар мен үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеумен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляциялық шағымда сотталған Ы. жазасын жеңілдетіп, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Прокурор мен жәбірленушілердің өкілдері 2023 жылғы 28 шілдедегі үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Ы.-ның кінәсі оның мойындауымен және құжаттық дәлелдермен дәлелденді.
Үкім прокурор қолдаған айыптау аясында заңды және негізді түрде шығарылды.
Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен Тереңкөл аудандық сотының Ы.-ға қатысты 2023 жылғы 28 шілдедегі үкімі өзгеріссіз, сотталушының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды