Жол ақысын төлемей, автобус жүргізушісін балағаттаған әйелге айыппұл салынды

10.09.2023, 17:41
984
Жол ақысын төлемей, автобус жүргізушісін балағаттаған әйелге айыппұл салынды ашық дереккөзден

Қоғамдық көлік жүргізушісіне былапыт сөйлеген азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жетісу облысының Талдықорған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының дерегінше, 2023 жылғы 5 тамызда Текелі қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушы Е.-ден танысу үшін жол жүру билетін көрсетуін, не болмаса жол ақысын төлеуін сұраған, алайда Е. жауап ретінде, жүргізушіге былапыт сөйлеген. Аталған жағдай қоғамдық тәртіпті бұзуға және айналасындағыларға құрметсіздік білдіруге және жүргізушіні қоғамдық көлікті басқару барысында алаңдатушылыққа әкелген.

Сотта Е. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанынын мойындады.
Жәбірленуші орын алған жайтты растап, Е.-ні әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұраған.

- Әкімшілік жаза шарасын айқындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, сондай-ақ Е.-нің асырауында кәмелетке толмаған 5 баласының бар екендігін назарға алды. Жоғарыда аталған мән-жайларды назарға ала отырып, сот Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ның 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес салынатын айыппұл мөлшерін 30 пайызға қысқартуды мүмкін деп тапты, - делінген хабарламада.

Сот шешімі бойынша сот қаулысымен Е. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 48 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)