Қазақстандық әйел Түркия азаматын өлтірді деп күдікке ілінді
Отандасымыз түрік азаматты өлтірді деген айыпқа күдікті. Бұл туралы smartnews.kz сайты informburo басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
31 Тамызда Бурса қаласында түрік азаматын өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ҚР азаматы ұсталған. Қазір оған қатысты тергеу жүріп жатыр.
ҚР СІМ мәліметінше, күдікті Түркияда 2018 жылдан бері болған. Марқұм оның бірге тұратын адамы болған. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде қыз ер адамға пышақ ұрып, ол қайтыс болған.