936

Соғысқа қарсылық білдірген Путиннің күзетшісі Экваторға қашып кетті

Путиннің Қырымдағы саяжайын күзеткен қызметкер Экваторға қашып кеткен. Бұл туралы smartnews.kz сайты Azattyq радиосына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Соғысқа қарсылық білдірген Путиннің күзетшісі Экваторға қашып кетті
pravda.com.ua

Путинді қылмыскер деп атаған Ресей федералдық күзет қызметінің бұрынғы өкілі жұмыстан шығып кеткен. Күзетші Брижатыйдың айтуынша, Путин ешкімге сенбейді, тіпті күзет қызметкерлері де оның бар-жоғын білмейді. Ол өз өмірі үшін қатты қорқып, саяжайда деп хабарлағанмен, өзі басқа жерде жүреді дейді экс-күзетші.

- Ол жұмысынан кетпек болғанда басында "соғысқа жібереміз" деп қорқытып, босатпаған. Бұдан соң ол құпия түрде шетел паспортын алған. Әйелі Эквадорда білікті маман ретінде тұрақты тұру құжатын алған. Содан кейін Брижатый жұмыс берушіге өзінде де тұрақты тұру құжаты барын айтып, енді заң бойынша федералдық күзет қызметінде істей алмайтынын айтқан. Осыдан соң жұмыстан шыққан, - делінген Азаттық басылымының дерегінде.