Ақтауда жергілікті тұрғындар бұралқы итті балалардың көз алдында атып тастағанына наразы

11.09.2023, 09:20
615
Ақтауда жергілікті тұрғындар бұралқы итті балалардың көз алдында атып тастағанына наразы lada.kz

Ақтаудағы тұрғындар көпқабатты үйлердің ауласында ветеринарлық қызметкерлер балалардың көзінше иттерді атып кетті деп шу шығарды. Бұл туралы smartnews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Ақтау қаласындағы 4-шағын аудандағы №31 үйдің ауласында тапа-тал түсте болған. Жергілікті тұрғындар ветеринарлық қызметкерлердің итті балалардың көз алдында атып тастағанына наразы. 

Қаңғыбас мысықтар мен иттерді аулау, зарарсыздандыру, вакцинациялаумен айналысатын "IP Abdol" серіктестігі үй тұрғынынан шағым түскенін айтты.

“Әйел адам дәлізде бұралқы ит кезіп жүргенін және пәтерінен шыға алмай, қорқып тұрғанын айтты. Мамандар оқиға орнына барып, 4-қабаттағы пәтердің алдында ешбір куәгерсіз итті тыныштандырды”, – деп мәлімдеді компания.

Итті сыртқа шығарғаннан кейін бірінші қабаттағы тұрғындар жинала бастаған.  Балалар да ойда жоқта жинала қалды. Оны көрген үй тұрғындары шу шығара бастаған.

“Тұрғындарға итті атпағанын, керісінше, тыныштандырып, базаға жеткізілгенін түсіндірдік. Кейінірек микрочип жасап, кастрация процесін жүргіземіз. Үш күннен кейін итті еркіне жібереміз”, – деп түсініктеме берді компания.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды