697

Солтүстік Корея басшысы Путинмен кездесу үшін Ресейге қарай жолға шықты

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Владивостокқа қарай жолға шықты. Кездесу сейсенбі күні өтеді деп күтілуде. Бұл туралы smartnews.kz сайты оңтүстіккореялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Корея басшысы Путинмен кездесу үшін Ресейге қарай жолға шықты
stan.kz

Бұл Солтүстік Корея басшысының төрт жылдан бері Ресейге жасаған алғашқы халықаралық сапары.

Екі көшбасшы Солтүстік Кореяның Украинадағы соғысты қолдау үшін Мәскеуге қару-жарақ беру мүмкіндігін талқылайды. 

Ким Чен Ын соңғы рет 2019 жылы Владивостокта АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональ Трамппен ядролық қарусыздандыру жөніндегі келіссөз жүргізу үшін барған болатын. Алайда келіссөз сәтсіз аяқталған еді.