"Мектеп әжетханасында қорлық көрген": Алматы облысында төртінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болды (видео)

12.09.2023, 09:26
2066
"Мектеп әжетханасында қорлық көрген": Алматы облысында төртінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болды (видео) Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында төртінші сынып оқитын бала қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішіп, жатып қалған.

Баласын мұндай жағдайда көрген анасы жедел жәрдем шақырған.

Алматы облысы Талғар ауданының полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың үйінде 10 шақты “Ацетилсалицил қышқылын" ішкенін растады.

"11 қыркүйекте Б есімді азаматша Талғар аудандық полиция басқармасына өзінің кәмелетке толмаған 2013 жылы туған ұлының дәрі ішіп, уланғаны туралы арызданған. Аталған факт Талғар аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерделеу үшін сараптама тағайындай отырып, барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деді Талғар аудандық полиция басқармасының өкілдері.

Желіде баланың әжесінің видеосы тарады. Оның сөзінше, немересін мектеп әжетханасында әлдекімдер қорлағанын. Шашын қырқып, көйлегін жыртқан көрінеді.

Бұған дейін Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың кешенді жоспары қабылданғаны хабарланған болатын. Құжатта қазақстандық балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттары екені айтылған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды