699

Еуропадан әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеп келген топ ұсталды

Ақмола облысында 2 жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркеу бойынша қылмыстық қызметті жүзеге асырған адамдар тобы, оның ішінде мамандандырылған ХҚО қызметкерлері әшкереленді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Еуропадан әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеп келген топ ұсталды
canva.com

Тергеу барысында ҚМА аумақтық департаменті Көкшетау қаласының ХҚО мамандандырылған бөліміне Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын алғашқы тіркеу кезінде алым төленгені туралы жалған төлем құжаттарын беру фактілерін анықтады.

Қылмыстық іс-әрекеттен мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабын сай өзге ақпарат жарияланбайды.