Жеңіс Қасымбек елордада көлік кептелісі мәселесін шешудің жолдарын атады

12.09.2023, 15:14
720
Жеңіс Қасымбек елордада көлік кептелісі мәселесін шешудің жолдарын атады canva.com

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек көлік қозғалысы мен кептелісі мәселелерін шешуде қандай іс-шаралардың атқарылып жатқанын баяндап, алдағы жоспармен таныстырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Маған жол-көлік желісін дамыту бойынша сұрақтар қойылып жатыр. Осыған байланысты атқарып жатқан жұмысымызға қысқаша тоқталып өтейін. Қалада 430 мыңға жуық автомобиль бар. Күн сайын облыстан қалаға қосымша 90 мыңға жуық көлік кіріп-шығады. Жол-көлік желісін жүйелі дамыту үшін көпірлер, көлік қиылыстары, жаңа көшелер салу, жол жөндеу жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Қарбалас уақытта көлік көп жүретін учаскелердің бірі – Мәңгілік ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдары, Сарайшық, Қонаев көшелері және тағы басқа», - деп жазды Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында.

Әкімнің айтуынша, жыл соңында пайдалануға берілетін Тәуелсіздік даңғылы бойындағы жаңа көпір көлік қозғалысы мәселесін ішінара шешеді.

«Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді», - дейді қала басшысы.

Сондай-ақ, елорда әкімінің мәлімдеуінше, келесі жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салу жоспарланып отыр. Айтуынша, бұл қаланың жаңа бөлігіндегі Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылдарында, Түркістан, Керей-Жәнібек хандар және Айтматов көшелеріндегі көлік ағынын сейілтпек.

«Сол сияқты келер жылы Кенесары көшесінің бойында (ҚазГЮУ университеті ауданында) Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпірдің құрылысын бастау жоспарда бар. Өткен жылы Ұлы Дала даңғылының бойындағы жаңа көпір мен А62 көшесінің бойында (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі учаскеде) көлік қозғалысы ашылған болатын. Бұл да бірнеше көшедегі көлік қозғалысын жеңілдетті», - деп толықтырды Ж. Қасымбек.

Одан бөлек, шаһар басшысы биыл қалаға 400-ге жуық қоғамдық автобуспен толығатынын айтты.

«Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде желіге шығарылды. Жоғарыда айтылған шаралар, оның ішінде көшелер салу және жөндеу, ақылды бағдаршамдар орнату және автобус желілерін енгізу қаланың көлік желісін айтарлықтай жақсартады», - дейді ол.
Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)