536

Атырауда балық аулауға кеткен жігіт үш күннен бері табылмай жатыр

Атырауда балық аулауға барған жігіт үш күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырауда балық аулауға кеткен жігіт үш күннен бері табылмай жатыр
polisia.kz

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 36 жастағы жігіт 10 қыркүйекте із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Жоғалған жігіттің аты-жөні – Ербол Құсайынов. Туыстарының айтуынша, ол 10 қыркүйек күні достарымен бірге балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Оны іздестіру жұмысы бүгін үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Іздеу жұмысына Атырау облысы полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның 80 сарбазы тартылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

photo

Сондай-ақ, кинология бөліністері мен сүңгуірлер де іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.

«Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына әлеуметтік желіде алып-қашпа ақпараттарды таратпауды ескертеміз. Жоғалған жігітке қатысты деректер болса, 102 операторына хабарлау сұралады», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.