Президент жергілікті қамту үлесіндегі көзбояушылықты сынады

12.09.2023, 18:51
466
Президент жергілікті қамту үлесіндегі көзбояушылықты сынады akorda.kz

Қазақстан Президенті кәсіпкерлік саласындағы басым міндеттердің бірі ретінде нақты индустрияландыруды қамтамасыз ету қажеттігін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Күрделі және орнықты экономикаға өнімді орташа және жоғары деңгейде өңдеу сегменттерін белсенді игеретін өңдеу өнеркәсібі негіз болатыны белгілі. Сонымен қатар бұл бағытта кедергілердің көптігі кәсіпорындар «ғұмырының» ұзаққа созылмауынан байқалады.

Еліміздегі компаниялардың төрттен бірі ғана ашылғаннан кейін екінші жылы нарықта қалады. Салыстырар болсақ, бұл көрсеткіш басқа елдерде 70-80 пайызға тең. Көп жағдайда бұл Қазақстандағы бизнес-ахуалдың әлі де жетілмегенін көрсетеді. Бірақ мұның басқа да аспектілері бар. Мәселен, қазіргі жағдайда көптеген ел ішкі нарықты қорғау және қолдау шараларын белсенді қолданып жатыр. Осы озық тәжірибені батыл әрі кеңінен меңгеруіміз керек. Мен мұны Үкіметке айтып отырмын.

Екінші жағынан, Қазақстанда өндірістің жергілікті үлесін арттыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Салықтық преференциялар мен жеңілдетілген несиелендіру беріледі, сондай-ақ өнімді өткізу бойынша көмек көрсетіледі. Алайда тауар өндірісінің жергілікті үлесі әзірге төмендеу.

Шын мәнінде, біз импортты субсидиялау ісін жалғастырып жатырмыз. Бұл өндірістің бастапқы қалыптасу сатысындағы табиғи құбылыс екенін түсінемін. Сондықтан аталған мәселеге «өсім дерті» ретінде қараймыз. Ештеңе болмағаннан гөрі, осындай өндірістің болғаны дұрыс. Алайда Үкімет өндірістің жергілікті қамту үлесін арттыру мәселесімен мұқият және жан-жақты айналысуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл орайда, ол кейбір компаниялардың жергілікті қамту үлесіне еңбекақы төлеу қорын, коммуналдық қызметтерге және жарнамаға жұмсалған шығындарды қосатын жағдайға жеткенін сынға алды.

«Мұндай көзбояушылықтың бізге қажеті жоқ. Бұл жерде «Атамекен» палатасының рөлі анағұрлым белсенді әрі пайдалы болуға тиіс», - деді содан соң.

Мемлекет басшысы бұл ретте ірі өндіріс орындарын отандық жабдықтарды, тораптарды және бөлшектерді пайдалана отырып, өнім шығаруға ынталандыратын кооперация қағидатын белсенді қолдану қажеттігін жеткізді.

«Машина жасау саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары ірі бөлшектерден емес, ұсақ бөлшектерден өнім құрастыратын аралас өндірістерді ашуға кезең-кезеңімен бейімделуі қажет.

Жалпы, мемлекеттік тапсырыстарды алатын және мемлекет қолдауына ие болатын барлық ірі кәсіпорындар, негізінен, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға тиіс.

Елде осы өнімнің баламасы болмаған жағдайда ғана импортқа рұқсат етіледі. Яғни импортты тұтынушы компанияға немесе олардың шетелдік серіктестеріне 2-3 жыл ішінде осындай өндірісті Қазақстанда іске қосуы немесе іске қосуға көмектесу жөнінде міндетті шарт қойылуы қажет. Әрине, бұл экономикалық тұрғыда негізделген жобаларға ғана қатысты», - деді Тоқаев.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды