Алдағы 3-5 жылда елордада үй құрылысының қарқыны бәсеңдейді

12.09.2023, 20:32
597
Алдағы 3-5 жылда елордада үй құрылысының қарқыны бәсеңдейді canva.com

Ашық талқыға шығарылған «Астана қаласының тұрғын үй қорын реновациялау және модернизациялаудың 2028 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында» шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп тұрған инженерлік инфрақұрылымның жағдайы сипатталған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Елорданың жаңа бас жоспарындағы болжамға сай, 2035 жылға қарай Астана қаласының халқы шамамен 2,3 млн адамға жетеді. Бұл өз кезегінде дереу шешуді қажет ететін тың талаптар қояды. Тұрғын үйге деген жоғары сұраныстың жоғары болуы себебінен баспана құрылысының қарқыны жоғары. Тиісінше ол инженерлік коммуникацияға айтарлықтай жүк түсіреді. Сонымен қатар, жыл сайын бой көтеріп жатқан 3 млн шаршы метр тұрғын үйге инженерлік инфрақұрылым салу үшін 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлу керек», - делінген құжатта.

Сондықтан бұл түйткілді шешу үшін алдағы 3-5 жылда салынатын тұрғын үй көлемін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның қауқарына қарай икемдеу ұсынылады.

Атап айтқанда, жыл сайын салынатын баспана көлемін 3 млн-нан 1,5 млн шаршы метрге дейін қысқарту көзделіп отыр.

«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын іске асырудың аяқталуына қарай, яғни 2025-2028 жылдары ғана тұрғын үй құрылысының қарқынын ұлғайтуға болады», - делінген Астананың тұрғын үй қорын реновациялау және модернизациялау бағдарламасында.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды