Ким Чен Ын Ресейге барды

13.09.2023, 11:50
487
Ким Чен Ын Ресейге барды Yonhap

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Ресейге ресми сапармен барды, деп мәлім етті Табиғатты қорғау министрі және КХДР-мен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық серіктестік бойынша үкіметаралық комиссия төрағасы Александр Козлов Telegram-арнасында. Бұл туралы smartnews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Солтүстік Корея көшбасшысын күтіп алдым. Ким Чен Ын ресми сапармен Ресейге келді», - деп жазды ол.

Кездесу КХДР-мен шекарадағы Приморье өлкесі Туманная өзені үстіндегі көпірде болды. Министр Ким Чен Ынның пойыздан шығып жатқан видеосын жариялады, перронда әскери оркестр ойнап тұр.
Күтіп алу салтанаты аяқталған соң Солтүстік Корея басшысы Приморье губернаторы Олег Кожемяко мен Табиғатты қорғау министрлігі басшысымен келіссөз жүргізді.

«Біз бұрыннан көршілерімізбен жақсы қарым-қатынастамыз, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм мен басқа салалардағы серіктестіктің әлеуеті жоғары» , - деп жазды Кожекмяко Telegram-арнасында.

Кремльдің хабарлауы бойынша, сапар барысында Владимир Путин Ким Чен Ынмен жеке және кеңейтілген құраммен келіссөз жүргізеді. Оған қорғаныс министрі Сергей Шойгу да қатысады.

Бұл сапарға Ким Чен Ынмен бірге Сыртқы істер министрі Чхве Сон Хи, Корея Еңбек партиясы ОК әскери басқарма бөлімшесінің басшысы Пак Чон Чхон, Орталық әскери комитет басшысының орынбасары Ли Бён Чхоль келген.

Бұған дейін Солтүстік Корея көшбасшысы 2019 жылдың сәуірінде Владивостокқа келген еді. Ол 2011 жылы қызметіне кіріскен Ким Чен Ынның Ресейге алғашқы сапары болатын.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды