"Мәселе бәйбішеде": Мұхамеджан Тазабек отбасылы еркектерге көз салатын қыз-келіншектерге ақыл-кеңес айтты

13.09.2023, 18:14
1692
"Мәселе бәйбішеде": Мұхамеджан Тазабек отбасылы еркектерге көз салатын қыз-келіншектерге ақыл-кеңес айтты mukhamedzhan_tazabek

Айтыскер ақын, психология ғылымдарының кандидаты отбасылы еркектерге тоқал болғысы келетін қыз-келіншектерге жауап берді.

Ақын желі қолданушылардың сауалдарына жауап берді. 

Бір оқырман: “Бойдақтардың арасында сенімді, ақылды, жақсы жігіттер көп. Бірақ мені отбасылы еркектерге тартып тұрады. Бойдақ жігіт бала сияқты көрінеді, бірақ шынында олай емес. Отбасылы еркек байсалды әрі сенімді көрінеді ” деп жазыпты. 

Желі қолданушысына Мұхамеджан Тазабек: “Иә, әрине, жолы болған жақсы еркектер бар. Соларға тоқал болып күйеуге шыққысы келетін жағдайлар шығар. Мен солай деп түсіндім. Бір отбасыны бақытты қылған, жағдайы шешілген еркекті бәйбіше сізбен бөліскісі келе ме, мәселе сонда. Бәйбішеде күйеуінен айырылғысы, оны ешкіммен бөліскісі келмейді. Сондықтан әйелі бар ерекке шыққыңыз келгенімен, ол арманның орындалуы оңай емес. “Бір жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ” деген сияқты. “Керемет жігіт қой” деп шығып, кейін 1-2 ай өткен соң “болмайды екен” деп ажырасып кетіп жатқан қыздар бар”, – деп ескертті Мұхамеджан Тазабек.

Ақын қыз-келіншектерді өзгенің отбасының шырқын бұзбауға шақырды.

“Отбасылы ер адамдардың жағдайын жасап, жарқырап жүруіне жұбайларының үлесі зор ғой. Бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, бірге дамып, өсудің орнына, дайын нәрсені алу оңай көрінуі мүмкін. “Біреуді жылатып, өзің күліп жүруің қиын” демекші, бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, күліп-ойнап, ұрыспай-керіспей тату ғұмыр кешкенге не жетсін”, – деп жазды айтыскер.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды