"Бір пәтерді киіп алыпты": Киім-кешегінің бағасын айтқан Динара Сәтжан жұртты таңғалдырды

14.09.2023, 10:42
1377
"Бір пәтерді киіп алыпты": Киім-кешегінің бағасын айтқан Динара Сәтжан жұртты таңғалдырды Видеодан алынған кадр

Танымал отандық тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан көйлегі мен әшекей-бұйымдарының құнын жария етті.

Тележүргізушінің үстіне ілген көйлегі мен әшекейлерінің бағасы шамамен 40 миллион 460 мың теңгеге шықты.

Отандық дизайнерлер қатарына кіретін Динара Сәтжан өз брендінің көйлегін киген. Айтуынша, жаңа топтамадағы көйлектің құны “бар-жоғы 89 900 теңге”. Ал көздің жауын алатын Van Cleef брендінің алқасы мен сырғасы 8 миллион 200 мың теңге тұрады. Тележүргізуші Gianvto Rossi-дің құны 450 доллар (370 мың теңге) тұратын аяқ киімін де көрсетті. Динара Сәтжанның білегіндегі Bulgari (19 миллион) мен Cartier-дің (8 миллион 600 мың) және Van Cleef брендінің (4 миллион 200 мың) білезігі мен сақинасы назардан тыс қалмады. 

Көпшілік алдында іскер әйелдің образын қалыптастырған Динара Сәтжан киім мен әшекей-бұйымға келгенде өзінен ештеңе аямайтынын көрсетті. Желі қолданушылары тележүргізушіге қызыға қарап, таңғалысын жасырмады.

“Үстіне бір жақсы пәтерді іліп алыпты”, “Қатынымызды осылай киіндіру бұйырсын”, “Ең төмен айлық 85 мың теңге, оның бір көйлегі 89 мың тұрады”, “Бар-жоғы” дей ме?”, “Динараның киімінен менің пәтерім мен көлігім арзан тұрады”, “Динара, жарайсың”, “Әр әйел осылай шалқып жүрсін”, “Көйлегі менің бір айлығым екен ғой”, – деп жазды желідегілер.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды