Түркістан облысында ескі қалашықтың орны табылды

14.09.2023, 14:23
905
Түркістан облысында ескі қалашықтың орны табылды Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ археологтар сол аймақтағы Мыңтөбе қорымынан табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр.

photo«1800 жылдан астам тарихы бар киелі нысанда жүргізілген жұмыстар барысында сол дәуірдің мәдениетін анықтауға баса мән берілмек. Қазірдің өзінде бұл жерден қыш ыдыстар мен садақ жебесінің басы табылды. Бұл қаңлы дәуірі кезіндегі ежелгі діни наным-сенімдер туралы білуге мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ сол маңнан Күлтөбе қалашығының орнын таптық», – дейді Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың жетекші ғылыми қызметкері, phd докторы Музаффар Гурсой.

photo

Археологтар көне қалашық табылған ең биік нүктені үлкен құрылыс нысаны болған деп болжап отыр. Себебі қазба барысында кесектен салынған қабырғалар анықталған. Ал осы жерден шыққан қыш ыдыстардың VIII-IX ғасырларға тиесілі екенін айтады.

Археологиялық қазба жұмыстары әрі қарай жалғасатын болады. Қалашық және қорым маңынан табылған жәдігерлер арнайы мамандардың зертханалық сараптамасынан өткен соң музей қорына тапсырылады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді