Мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс

14.09.2023, 17:58
Мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйек күні жарияланған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында оның бизнес өкілдерімен кездесетіні жайлы айтылған болатын. Екі жұма өтпей-ақ сол кездесу Ақордада өтті.

Қазіргі таңда Президенттің отандық бизнес өкілдерінің басын қосып, жиын өткізуінің мәні үлкен деп жатыр. Себебі бизнес пен мемлекет, бизнес пен экономика, бизнес пен құқық, бизнес пен ел болашағы мәселелерінде ортаға салатын проблемалық жайттар аз емес. Шыны керек, Қазақстан бизнесінің жабайыланып қалған жағдайы да бар. Бизнестің халықтан және мемлекеттен аздап алшақтап жүргені де жасырын емес. Оның себебі мемлекеттің өзінің отандық бизнеске жағдай жасауының ойдағыдай болмай келе жатқанында болар. Осы олқылықтың орнын толтырып, енді жерде отандық бизнеске мемлекет тарапынан қолдауды күшейту керек. Бизнесті құқықтық, ресурстық және жай ғана адамгершілік жағынан қорғауға бетбұрыс жасалатын болып тұр. Бұл, әрине, оң қадам. Өйткені еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен болашаққа сенімділігі бірінші кезекте бизнеске, сол бизнес әкелетін игіліктерге тікелей байланысты. Әсіресе орта бизнестің еңсесін тіктеуге күш салынады. Шын мәнінде экономиканың тірегі орта бизнес бола алады. Мемлекет басшысы бұған дейінгі сөздерінде орта бизнестің ойдағыдай дамымай жатқанын, оны қолдан көтеріп болса да дамыту керектігін айтып жүрген.

Сонымен Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуінде мәселелер көп қырларынан паш етілді. Тоқаев өзінің соңғы Жолдауында экономиканың жаңа үлгісіне көшетінімізге баса мән берген болатын. Ал жаңа үлгіні жүзеге асыруда және экономиканы жандандыруда отандық бизнестің атқаратын рөлі мен қосатын үлесі үлкен екені бесенеден белгілі. Бастысы, мемлекет пен бизнестің арасын мейлінше жақындату керек. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті:

«Баршаңызға мәлім, мен Жолдауда елімізді одан әрі дамытуға арналған тың тәсілдерді ұсындым. Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Дегенмен, кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы серпіліс қажет. Ең алдымен, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс».

Отандық бизнес дегенде алдымен ойға келетін нәрселердің бірі - кәсіпкерлердің құқығының қорғалуы. Сондықтан бірінші міндет - заң үстемдігін және жеке меншіктің қорғалуын қамтамасыз ету. Бұл үшін жүйедегі біраз нәрсені түзеу керек. 

«Мәселен, бақылаушы органдар мен соттар заң бұзушылықтың формальды белгілерін анықтаған кезде, оның мән-жайын тексеру қағидатын басшылыққа алмайды. Кәсіпорын қызметіндегі кез келген, тіпті болмашы қателіктің өзі көбіне қылмыс сияқты қаралады. Нәтижесінде еліміздің экономикасы ұдайы қылмыстық-құқықтық қысымға ұшырайды», - дейді Президент.

Мемлекет басшысы жиналғандарды бизнестен күштік құрылымдардың әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар толассыз түсіп жатқанына құқық қорғау органдарының назарын аударды. Президент бизнестің заңды мүддесін сақтау және қорғау мемлекеттің басты міндеті екенін алға тартты. Азаматтардың құқықтарын сапалы қорғаудың жаңа тетік терін жасау керек. Бұл тұрғыда Президент заңгерлер және кәсіпкерлер қоғамдастығымен өз алдына бөлек кассациялық инстанция құру мәселесіне назар аударды. Себебі бүгінде қылмыстық және азаматтық істердің небәрі 5 пайызы ғана кассацияға жолданады екен. Өз алдына бөлек кассациялық инстанция құру мәселесін Президент Әкімшілігі қолға алатын болды. Мемлекет басшысы сот шешімдерін шығаруда асырасілтеушілікке және құбылушылыққа жол беруге болмайтыны айтты. Президент кәсіпкерлер шағымданушы немесе қолдауға мұқтаж рөлінде көрінбеуі тиіс екеніне үлкен мән берді.

Үкімет үшін Жоғарғы Сотпен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп атқаратын міндеттер аз емес. Солардың бірі - мемлекеттік органдар қызметіндегі теріс әрекеттерге мұқият талдау жасау және оларды жою үшін пәрменді шаралар қабылдау.

«Қайталап айтамын. Мемлекеттік аппараттың міндеті – еліміздегі заңды кәсіпкерлік қызметке жан-жақты көмек көрсету. Заңды бұзып, бизнеске қандай да бір кедергі жасау – мемлекеттік сипаттағы қылмыс. Мен, Президент ретінде, Қазақстанды бизнеске, соның ішінде ірі, орта және шағын кәсіпкерлікке өте қолайлы жағдай жасалған елге айналдыруды өз міндетім деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуі қоғамда жағымды резонанс тудырып, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Мысалы, Парламент Мәжілісіндегі жас депутаттардың бірі Никита Шаталов орта бизнес жаңа тапқа айналып, экономиканың  омыртқасын құруы мүмкін екенін айтады. Депутаттың пікірінше, орта бизнеске сапалы салық саясаты және меншік құқығына темірдей кепілдік керек.  

Қазақстан биыл алғаш рет боччадан Азия Пара ойындарына қатысады iPhone 15 Pro смартфондарынан ақау анықталды ШҚО-да аюды атып, оның етін жемек болған ер адам ұсталды Елімізде ақылы жолдардың тарифі өзгерді Батыс Қазақстан облысында деструктивті діни ағым өкілі ұсталды Қазақстан-Қытай шекарасы 4 күнге жабылады Қыран Талапбектің екінші әйелі күйеуіне қандай жағдайда тоқал алуға рұқсат ететінін айтты Мәдениеттілік — адамның рухани өрісі Түркістандық колледж студенті «AUTOCAMP» әмбебап автокөлігін құрастырды Астанада EduTech Master-class заманауи технологиялар мен жобаларды басқару әдістері бойынша оқыту өтті WhatsApp бірқатар құрылғыларда жұмысын тоқтатады Алматыда қарияны ұрған жасөспірімдер қылмыстық жауаптан босатылды Жемқорлардан қайтарылған ақшаға фабрика, зауыт салу ұсынылды "Әкімдіктердің шауып кел дейтін бұйрықтары бітер емес": Депутат жастардың мәселесін көтерді Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты Самат Әбіш билік өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен тергелуде – Бас прокуратура Енді жеке деректері таралып кеткен қазақстандықтарға SMS-хабарлама жолданады Азиададағы алғашқы алтын медаль: Қазақстанның әйелдер командасы стенд ату жарысында бірінші орынды иеленді Алматы тұрғыны өзін шенеунік ретінде таныстырып, аса ірі көлемде қаржы жымқырған Азиадаға қатысқан спортшылардың алғашқы легі елге келді