"Кіші болып қоя салуыма болар еді": Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады

14.09.2023, 17:10
695
"Кіші болып қоя салуыма болар еді": Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады sultankyzy

Жайдарманшы Нұрболхан Шарапов отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен болған дауға нүкте қойды.

Нұрболхан Шарапов көпшіліктің көзінше Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады.

“2019 жылдан бері 4 жыл өтіп кетті. “Не болды?”, “Сендердікі хайп болды ма?”, “Шынымен достастыңдар ма?” деген сұрақтарды бүгінге дейін қоятындар бар. Барлығы өткінші, өтеді де кетеді. Қанша дегенмен, көрісіп, білісіп жүрген жанбыз. Сол себепті соңына дейін тырысып жүргеніміз жарамас. Көрерменнің, сіздің және менің оқырманымның алдында сізден кешірім сұрайын деп тұрмын. Кіші болып қоя салуыма болар еді. Бірақ сол кездегі эмоцияның, балалықтың, шалалықтың тірлігі деп білемін. Сізден шын жүректен кешірім сұраймын, егер кешіре алсаңыз. Сәлеміміз түзу болсын. “Әр қазақ менің жалғызым” дегендей, бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын”, – дейді Нұрболхан Шарапов.

Ләйлә Сұлтнақызы да өз кезегінде үлкендігін көрстіп, әріптесіне сәттілік тіледі.

“Мен ренжіген жоқпын, ренжімеймін де. Үлкен болып мен қоймадым, кіші болып сен қоймадың. Қазір уақыт өтті, есейдік, ақыл кірді. Сен де кішкентай қыздардың әкесісің, менің де ұлдарым өсіп келе жатыр. Жауапкершілік деген бар. Уақыт, жағдай есейтті. Сыйластық жеңді. Біз Нұрболхан екеуіміз әріптеспіз, ол қазір жоба жүргізіп жүр. Әріптес, әпке ретінде жобаға жоғары рейтинг тілеймін”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды