721

Семей орманындағы өрттен көз жұмған 14 орманшыға ескерткіш тақта орнатылады

Биыл Абай облысындағы алапат өрттен көз жұмған орманшыларға ескерткіш тақта орнатылмақ, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Семей орманындағы өрттен көз жұмған 14 орманшыға ескерткіш тақта орнатылады
Бородулиха ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Семей орманы» резерватының Бородулиха ауданындағы Жаңашүлбі филиалынан шыққан өрт 14 орманшының өмірін жалмаған болатын.

Тілсіз жаумен күрескен батырлардың құрметіне ескерткіш тақта қойылады. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті.

photo

 

«Бородулиха ауданына ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол орман өртінен қаза болған орманшылардың құрметіне қойылатын ескерткіш тақтаның іргетасын қою рәсімін өткізіп, марқұмдардың туыстарымен кездесті. Тақта Успенка ауылында орнатылады», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Сатыбалды Дәулеталин «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басқармасына барып, барлық он филиалдың кәсіподақ мүшелерімен кездескен.

photo

 

Резерват директоры Қайрат Хасенов өрттен кейін төрт ай өтсе де, әлі күнге дейін уәде етілген бір де бір өрт сөндіру көлігі алынбағанын айтты.

Еске салайық, биыл 8 маусым күні Абай облысының Семей орманы резерватында ірі өрт тұтанды.