Айнұр Тұрсынбаева еркектердің белсіздігін жоятын шай зауытын ашты

14.09.2023, 19:15
1690
Айнұр Тұрсынбаева еркектердің белсіздігін жоятын шай зауытын ашты aidyn_nury

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева табиғи, таза органикалық өнімдер шығаратын компаниясын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

«Біз бүгін төрт өнімді ұсынып отырмыз. Біріншісі көк шай, бірақ бұның дәмі көк шай болғанымен, ішінде итмұрын, тауда өскен жалбыз, қант диабетімен ауыратындарға ішуге болатын науат, Түркиядан әкелген цитрустар қосылған. Екішісі дәруменге толы қара шай, үшіншісі сұңғыла тамырынан жасалғани емдік шай, төртіншісі – тірі хлорелла», — деді Айнұр Тұрсынбаева.

Ақын қытайлықтар тонналап сатып алатын сұңғыла шөбінің емдік қасиеті туралы айтты.

«Біздің Мойынқұмның шалдары сұңғыла деген шөптің тамырының тонналап Қытайға кетіп жатқанын көріп, іштен тынып жылайтын еді. Соны естіп, 2021-жылы тәуекел деп ауылдың балалары жинаған 20 тонна сұңғыланы сатып алдық. Ол кезде не зауыт, не қойма жоқ, Қытайға бермесек болды деп сатып ала бердік. 2 жылдың ішінде барлық күшімізді, ақшамызды, жанымызды салып, осы цехты салдық. Сөйтіп тамырдан шай жасайтын зауыт іске қосылды», — деді ол.

Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, сұңғыла шәйінің ел арасындағы атауы табиғи антиботик. Сұңғыланың тамыры Моңғолияда «Шыңғысханның шәйі» деп аталады, себебі Шыңғысхан әскеріне шаршамас үшін осы шәйді беріп отырған.

«Шығыс медицинасы ең күшті өсімдік деп женьшенді есептесе сұңғыла женшеньнен 10 есе күшті! Урологтар сұңғыланың шәйі виаградан 5-10 есеге дейін күшті деп айтады. Сұңғыланың тамырын үгітіп тышқандарға беріп эксперимент жасағанда тышқандардың көбеюі 5 есеге артып кеткен. Сұңғыланың шәйін 1 ай ішкен адамның өтіндегі, бүйрегіндегі тас үгітіліп тап-таза боп кетеді. Сұңғыланың шәйін 1 жыл ішкен адамның бойында ауру қалмайды. Сұңғыланың шәйі еркектер белсіздігін толық емдейді. Сұңғыланың шәйі рак клеткаларын жояды. Сұңғыла Қытайда қызыл кітапқа енген өсімдік», — деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті