828

Прокуратура: Атырауда жетімдердің бес пәтері мен жеріне ортақтасуға шектеу қойылмаған

Атырау прокуратурасының тексерісі кезінді олқылықтар табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты azh.kz газетіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Прокуратура: Атырауда жетімдердің бес пәтері мен жеріне ортақтасуға шектеу қойылмаған
ашық дереккөзден

Атырау қаласының прокуратурасы қалалық білім бөлімін тексеріп, бес жетім баланың мүліктік құқығы бұзылғанын анықтады.

Қорғаншылық органының өкілі балалардың әке-шешесі қайтыс болған соң артында қалған бес пәтер мен бір жер теліміне қатысты үшінші тұлғаларға сатуға шектеу қоймаған. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жетім балалардың үйінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 

Прокурорлық қадағалау шараларымен осы мүлікті иеліктен шығаруға жол берілмей, оларға тиісті ауыртпалықтар салынды және мұралар ашылды. Осы сұрақ бойынша жауапты маманға тәртіптік жаза қолданылды.

- Осы санаттағы балалардың құқықтары прокуратураның қатаң бақылауында, - деп хабарлады қалалық прокуратура.