Мектеп оқушылары жарылыс жасау жөнінде қалжыңдап, полициядан 10 млн теңге талап еткен

15.09.2023, 09:40
911
Мектеп оқушылары жарылыс жасау жөнінде қалжыңдап, полициядан 10 млн теңге талап еткен ашық дереккөзден

Тараз полициясына жалған хабарлама берген оқушылар анықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқу жылының басында Тараз қаласы мектептерінің бірінің электрондық мекенжайына білім беру мекемесі ғимаратының жарылу қаупі бар екендігі және 10 миллион теңге көлемінде ақша төлеуді талап еткен хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында ақпарат расталмады, жарылғыш құрылғы табылмады. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 13 қыркүйекте Жамбыл облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қаласының ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен облыс мектептерінің бірінің екі сегізінші сынып оқушысы анықталды.

Белгілі болғандай, іс-әрекеттің себебі балалардың тентектігі және сабақ үрдісін бұзуға деген ұмтылысы болған. Айта кетерлігі, құқық қорғау органдары терроризм актілері туралы хабарламалар түскен кезде әрқашан нақты қауіптің болуының алғышарттарына сүйене отырып әрекет етеді.

Мұндай қылмысы үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, залалды өтеу олардың ата-аналарына жүктеледі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды