Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 273 млрд жәрдемақы алған

15.09.2023, 10:17
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 273 млрд жәрдемақы алған ашық дереккөзден

Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының орта есебі шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 544,9 мың отбасы жалпы сомасы 273 млрд теңге мөлшерінде қамтылып, оның ішінде тамыз айында 543,4 мың отбасына 34 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген. Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:  

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;  
  • - 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;  - 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;  
  • - 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;  
  • - 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.  

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.  

Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.

Қазақстан биыл алғаш рет боччадан Азия Пара ойындарына қатысады iPhone 15 Pro смартфондарынан ақау анықталды ШҚО-да аюды атып, оның етін жемек болған ер адам ұсталды Елімізде ақылы жолдардың тарифі өзгерді Батыс Қазақстан облысында деструктивті діни ағым өкілі ұсталды Қазақстан-Қытай шекарасы 4 күнге жабылады Қыран Талапбектің екінші әйелі күйеуіне қандай жағдайда тоқал алуға рұқсат ететінін айтты Мәдениеттілік — адамның рухани өрісі Түркістандық колледж студенті «AUTOCAMP» әмбебап автокөлігін құрастырды Астанада EduTech Master-class заманауи технологиялар мен жобаларды басқару әдістері бойынша оқыту өтті WhatsApp бірқатар құрылғыларда жұмысын тоқтатады Алматыда қарияны ұрған жасөспірімдер қылмыстық жауаптан босатылды Жемқорлардан қайтарылған ақшаға фабрика, зауыт салу ұсынылды "Әкімдіктердің шауып кел дейтін бұйрықтары бітер емес": Депутат жастардың мәселесін көтерді Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты Самат Әбіш билік өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен тергелуде – Бас прокуратура Енді жеке деректері таралып кеткен қазақстандықтарға SMS-хабарлама жолданады Азиададағы алғашқы алтын медаль: Қазақстанның әйелдер командасы стенд ату жарысында бірінші орынды иеленді Алматы тұрғыны өзін шенеунік ретінде таныстырып, аса ірі көлемде қаржы жымқырған Азиадаға қатысқан спортшылардың алғашқы легі елге келді