930

Ливиядағы су тасқынында 5 мыңнан аса адам қаза тапты

Су тасқыны шығыны жайында smartnews.kz сайты Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ливиядағы су тасқынында 5 мыңнан аса адам қаза тапты
ашық дереккөзден

Ақпаратқа сүйенсек, тағы 20 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Ел билігінің хабарлауынша, қайтыс болғандардың саны әлі де артуы мүмкін.

Дүйсенбіге қараған түні Ливияның Дерна қаласында су тасқыны болды. БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым “зардап шеккендердің көп болуына жергілікті биліктің ұзақ мерзімді саяси дағдарыс салдарынан шашыраңқы жұмыс істеуі себеп болды” деп пікір білдірді.