Президент Байденнің ұлы 25 жылға сотталуы мүмкін
Президенттің ұлы 25 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы smartnews.kz сайты bbc басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маусым айында Хантер Байденге "салықтан жалтарды" және "қару туралы заңды бұзды" деген айыптар тағылған.
Ол 2018 жылы қару сатып алғанда оны заңсыз алып, жалған ақпараттар берген.
Сондай-ақ ол есірткі қабылдамайтыны жөнінде де жалған ақпарат бергені мәлім болды. Хантер Байден есірткіге тәуелділікпен күресіп жүргендердің санатына кіреді.