653

Білікті арттыруға арналған курстан 40 мыңнан астам мұғалім өткен

Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың тегін курстары жүргізілуде. Бүгінге дейін бұл курстардан елімізде 40 мыңға жуық педагог өткен. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Білікті арттыруға арналған курстан 40 мыңнан астам мұғалім өткен
ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, курстар биылғы жылдың тамыз айында басталды. Курс бағдарламаларын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеп, өткізеді. Орталық осы жылы 55 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр.

«Өрлеу орталығы бір айда 300-ден астам курс өткізді және оған 8 мыңнан аса мұғалім қатысты. Бүгінде 3 мың педагог әлі де оқып жатыр, олар курстардың қорытындысы бойынша тест тапсырады. Айта кету керек, кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін ұстаздар саны жыл санап артып келеді. Мұндай курстар педагогтердің жұмысының сапасына, білім беру сапасына және жалпы оқушылардың білім деңгейін де айтарлықтай арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті «Өрлеу» БАҰО» АҚ төрағасы Еламан Айбулдинов.

Материал авторы