Ұшақ бортында әйел адамды аман алып қалған дәрігер танымал болды

15.09.2023, 16:07
1741
Ұшақ бортында әйел адамды аман алып қалған дәрігер танымал болды mangystaumedia.kz

Облыстық онкологиялық диспансердің анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі Талғат Аманжолов бейтаныс адамдардан күніне ондаған алғыс алатынын, тіпті, оны көшеде танып жататынын айтты. Бұл туралы  smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Дәрігердің танымалдылығы Астанадан Ақтауға ұшып бара жатқан Әзербайжан азаматын құтқарудан кейін артқан. Бұл оқиға биыл маусым айының соңында болған. Түнгі рейс және ұшақ турбуленттілікке тап болған. Сол сәтте стюардесса динамик арқылы жолаушылардан бортта дәрігердің бар-жоғын сұраған. Сәті түсіп, сол рейсте облыстық онкологиялық диспансердің анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі Талғат Аманжолов болған. 

«Мен жақындаған кезде комаға дейінгі күйде жатқан әйелді көрдім. Оның беті көгілдір және бозарған. Мен жолаушылардан орындарын босатуын сұрап, оны көлденең күйде жатқызып, қысымын өлшедім. Қан қысымы 60-тан 40-қа дейінгі көрсеткішті көрсетті. Жүрек тоқтап қалу қаупі жоғары болды. Стюардессалар оттегін берді, бірақ бірінші баллонда оттегі жоқ, ауыстырып беруді өтіндім, екінші баллонды әкелді, бірақ ол жақта да оттегі әлсіз. Дегенмен, жеткілікті болды. Содан кейін медициналық көмек ұсынып, атропин мен адреналин тауып, ине салдым. Тамыр соғысы мен қан қысымы тұрақтанды, әйел менімен сөйлесе бастады. Әйел ес-түссіз жатқанда, менен шұғыл қону қажет пе деп сұрады. Бірақ ол керек емес еді. Ақтауға қонғанша мен әйелдің қасында болдым. Қонған соң жедел жәрдемге тапсырып, облыстық ауруханаға жеткізілді», — дейді дәрігер. 

Белгілі болғандай, әйелде брадикардиямен гипертония болған, мұндай кезде жүректің тоқтап қалу қаупі жоғары. Әрбір сау ағза ауыр турбуленттілік жағдайларына төтеп бере алмайды. Дәрігердің уақытылы көрсеткен көмегі болмаса, әйел Ақтауға тірі жетпес еді.

«Егер мен оны аман алып қалмасам, лицензиямнан айырылуым немесе авиакомпания мені сотқа беруі мүмкін еді. Бірақ бұл мені тоқтатпады, себебі мен - дәрігермін, дәрігерлер күн сайын адамдардың өмірін сақтап қалады», - деп толықтырды дәрігер. 

Талғат Аманжоловтың өзі Қарағандыдан келіп, Ақтауда жұмыс істеп жатыр. Мамандығы бойынша жалпы тәжірибелік дәрігер, сонымен қатар реаниматолог-анестезиолог мамандығын бітірген. Медицинаға Қарағандыдағы атақты хирург ағасының ізімен келген. Борттағы оқиғадан кейін дәрігерге әлеуметтік желілер мен жеке хабарламалар арқылы жүздеген алғыс жазыла бастаған. Дәрігер көшеде де танитынын және үнемі алғыс айтатынын айтады.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді