Үйімен ұрысып ШҚО-нан Павлодарға қашып кеткен жасөспірім қыз табылды

15.09.2023, 16:43
714
Үйімен ұрысып ШҚО-нан Павлодарға қашып кеткен жасөспірім қыз табылды ашық дереккөзден

Кәмелетке толмаған қыз бұған дейін де бірнеше рет үйден кеткен, деп хабарлайды smartnews.kz сайты @Рavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасай отырып.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қаңғыбас» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары жертөлелерді, шатырларды, кәріз люктерін, қараусыз қалған ғимараттарды, шаруа қожалықтарын, орман екпелерін тексерді. Нәтижесінде екі қылмыскер мен  хабар-ошарсыз кеткен төрт адамның орналасқан жері анықталды. Оның ішінде есірткі құқық бұзушылыққа күдікті 26 жастағы қылмыскер табылған. Қазіргі уақытта қамауға алынған. 

– Павлодарлық жедел уәкілдер 2006 жылы туған кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен ұрысып, үйден кеткен жерін анықтады. Жасөспірім Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы ауылдардың бірінде тұрады. Ал Павлодар қаласына жолаушылап келген. Кәмелетке толмаған бала үйден бірнеше рет кетіп қалған. Қазіргі уақытта өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды қолдаудың өңірлік орталығына орналастырылды. Іздестіру бастамашысына хабарланды, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров. 

Сондай-ақ полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтады, олардың 14-і қабылдау-орналастыру орнына орналастырылды. 

Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шара аясында жеткізілген адамдарды есепке қояды. Егер жеткізу кезінде кейбіреулерінің жеке басын куәландыратын құжаттары, тұрғылықты жері мен туыстары бар екені анықталса, онда олармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Содан кейін олар тұрғылықты жеріне жеткізіліп, туыстарына тапсырылады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды