Павлодарда ер адам екі оқушы қызды ұрлап кетпек болған

15.09.2023, 18:09
1169
Павлодарда ер адам екі оқушы қызды ұрлап кетпек болған pavlodarnews.kz

Бұл туралы оқушы қыздардың анасы дабыл қаққан. Жағдай туралы smartnews.kz сайты pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Кенжекөл жалпы білім беретін орта мектепте оқитын 1-сыныптың екі қызын ішімдік ішкен ер адам үйіне алдап, ертіп кетпек болғаны айтылады.

- Менің қызымды мас ер адам өзімен бірге алдап алып кетуге шақ қалды. Ол мектеп ауласында жүрген. Менің қызым осы мектепте 1-сыныпта оқиды. Ол қызым мен оның құрбысына жақындап "Сенің анаң жұмыста. Ол сендерді менің үйімнен алып кетеді. Менің үйіме жүріңдер" деген. Балалар бақытымызға орай, бармады. Себебі сол сәтте мен келіп үлгердім, - дейді ана.

Қызының болашағына алаңдаған ана ертең оны мектепке жібермейтінін мәлімдеді.

- Сынып жетекшіміз өзге оқушыларын мектеп автобусына отырғызып жүрген. Ал Кенжекөлде тұратын балалар сол сәтте қараусыз қалған. Олардың қасында мектеп әкімшілігінен немесе өзге мұғалімдердің бірде-бірі болмаған. Тіпті, күзетші мен вахтер да жоқ. Сынып жетекшісі әуелі өзге ауылдан қатынап оқитын оқушыларды шығарып салып, кейін кенжекөлдік оқушыларын үйлеріне жібереді. Бір ғана адам екі жаққа қалай үлгереді. Оған көмектесу керек қой. Неге мектеп ауласында ішімдік ішкен, темекі тартатын ер адам жүреді? Оны ешкім көрмейді. Онымен қоса менің қызымды алып кеткісі келеді. Мен бірден учаскелік инспекторды шақыруды сұрап, шу көтердім. Себебі қатты қорықтым. Біз бүгін екі баланың өмірін құтқарып қалдық. Егер бұл балаларды алып кеткенде не болар еді? Неге бұл мектепте күзет қызметі жоқ? Неге біз мектепке кеткен балаларымыздың өмірі үшін алаңдауымыз керек? Менің қызым ертең мектепке бармайды. Себебі баламның болашағы үшін қорқамын, - дейді қыздың анасы.

Сонымен қатар, ол облыс әкімінен, Кенжекөл әкімдігінен және білім басқармасынан аталған мәселені шешуді, әрі жіті назарға алуды сұрады.

Осы оқиғаға қатысты Кенжекөл әкімдігі пікір білдірді.

- 14 қыркүйек күні сағат 14.30-да мектеп аумағында  Кенжекөл ауылындағы 5 қабатты үйдің тұрғыны екі қызды, яғни 1-сынып оқушыларын өзімен бірге жүруге көндірмек болған. Қазіргі уақытта бұл азамат Павлодар қаласының айықтырғышында, - деді әкімдік.

Сонымен қатар, ер адамға қатысты тергеу басталатынын мәлімдеді.

Ал полицейлер аталған оқиғаға қатысты әзірге мәлімдеме жасамады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді